×

Өңірлерде жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін

Қазір әкімдіктер бұл мәселені пысықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 25.11.2022 | 15:23
Фото: elements.envato.com

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жыл соңына дейін еліміздің басқа өңірлерінде жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Алматы жастары», «Елорда жастары» және «Әулиеата жастары» деген бағдарлама бар. Абай мен Жетісу облысында да осындай бағдарламаны іске асыруды бастадық. Қазір 7-8 келісімшартқа қол қойып жатырмыз», - деді Ләззат Ибрагимова Сенаттағы үкімет сағатынан соң.

Басқарма төрайымы желтоқсанда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы ықтимал екенін де жеткізді.

Жастарға арналған жақсы жаңалық бар. Биыл желтоқсанда өңірдегі әкімдіктермен келісімшартқа қол қоямыз. Жастарға арналған бағдарлама болады, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама