×

Тоқаевтың ант беру рәсімін тікелей эфирден көруге болады

Президентті ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді

 Халық үні 25.11.2022 | 11:32
2019 жыл, Тоқаевтың ант беру рәсімі

Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда ең көп дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев қайта президент болып сайланды.

26 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 2022 жылдың 20 қарашасында өткен сайлаудың қорытындысы төмендегідей:

  • Қарақат Әбден – 2,6% (206 206 адам дауыс берген);
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,22% (176 116 адам);
  • Жигули Дайрабаев – 3,42% (271 641 адам);
  • Мейрам Қажыкен – 2,53% (200 907 адам);
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31% (6 456 392 адам);
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,12% (168 731 адам);
  • Бәріне қарсымын – 5,8% (460 484 адам).

Айта кетейік, сайлауда 8 300 046 адам немесе сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама