×

Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін балаларына хат жазды

Қазір спортшы сөйлеп, аздап өз бетінше жүре алады

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 09:56
фото: ашық дереккөз

Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет Instagram желісіндегі аккаунтын жаңартты.

Ол Instagram-дағы Stories-інде балаларының суреттері жариялап, оларға хат жазды.

Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Оған өткен аптада операция жасалды. Содан кейін ол  терапия бөлімінен палатаға ауыстырылды.

ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың белгілі шолушыларының бірі Дэн Рафаэльдің айтуынша, қазір Айдос Ербосынұлының жағдайы жақсарды.

«Айдос сөйлей алады. Аздап өз бетінше жүре алатын болды», –  деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама