×

Қытайда коронавирустан кісі өлімі тіркелді

Қазір шамамен ауруға шалдыққандардың саны 29 мыңға жуықтады деген дерек бар

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2022 | 13:14
фото: ашық дереккөз

Қытайда соңғы 6 айда алғаш рет коронавирустан 3 адамның қазасы тіркелді.

Бұл індеттен бірінші болып 87 жастағы ер адам көз жұмған. Пациентте COVID-19-дың алғашқы белгілері 11 қарашада байқалған. Екі күннен кейін одан коронавирустың жеңіл түрі расталған. 19 қарашада оның ауруы асқынып кетіп, қайтыс болған.

Тағы екі адамның да ауруы асқынған. Соның кесірінен олар да көп ұзамай көз жұмған. Қайтыс болғандардың барлығы – 80 жастан асқандар. Олардың үшеуі де созылмалы аурулармен ауырған.

Бұған дейін Қытайда коронавирустан кісі өлімі 26 мамырда тіркелген еді. ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, 20 қарашадағы жағдай бойынша Қытайда 27 мыңнан аса адам ауру жұқтырған.

Ал қазір індетке шалдыққандардың саны шамамен 29 мыңға жуықтады деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама