×

Сирия келіссөздері: Астанаға кімдердің келетіні белгілі болды

Халықаралық кездесу ертең басталады

 Дәурен Ерболат 21.11.2022 | 16:49
Фото: aa.com.tr

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада өткен Сирия келіссөздеріне кімдер қатысатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша Астана форматында кезекті 19-халықаралық кездесу өтеді.

Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді деп жоспарланып отыр. РФ делегациясын Ресей президентінің Сирияны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын СІМ бас директоры Унал Сельчук, Иран делагациясын Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хаджи Али Асгар, Сирия Үкіметінің делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан, Сирия оппозициясының делегациясын Ахмад Тома басқарады, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Сирия келіссөздері өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама