×

Мәскеуде өрт болып, жеті адам қаза тапты

Тілсіз жау түнге қарай ғана, 9 сағаттан кейін ауыздықталды

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2022 | 16:27
фото: ашық дереккөз

Мәскеудің орталығындағы 3 вокзал алаңында орналасқан гүл қоймасында тұтанған өрт 7 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы The Insider хабарлады.

Өрт 20 қараша күні күндіз, Комсомол көшесіндегі №1А екі қабатты кірпіш үйдің 18-құрылымында басталған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді жайлаған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды түнге қарай ғана, 9 сағаттан кейін ауыздықтады.

Тергеу комитеті өрттің шығуына «сақтауға қойылмайтын тауарлар мен өрт қауіпсіздігінің сақталмауы» себеп болғанын алға тартты.

Өрттің салдарынан осы үйде тұратын 7 адам жантәсілім етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама