×

Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады

 Динара Амантай 21.11.2022 | 10:40
Фото: bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары келесі жылдың басында екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама