×

Президент Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге үй салысқан азаматтарды марапаттады

Бірнеше мекеме басшылары наградталды

 Динара Амантай 21.11.2022 | 09:32
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, «Құрмет» орденімен Ибраимов Дәулет Дулатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы, Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС-нің директоры, Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – «Рудныйсоколовстрой» АҚ-ның бас директоры наградталды.

Сонымен қатар, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Владимирова Оксана Рашитовна – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ-ның аға прорабы, Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – «БК-Строй» ЖШС-нің тас қалаушысы марапатталды.

Ал «Ерен еңбегі үшін» медалімен Арыққұлов Ерболат Болатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС-нің бригадирі, Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары, Бекжанов Тайыр Ренатұлы – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры, Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – «Парасат Строй Проект» ЖШС-нің директоры, Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС-нің директоры марапатталды.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген болатын. Өрт аумағы 43 мың гектар болды. Екі елді мекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті. Өрттен зардап шеккен отбасыларға 1 млн теңгеден беріліп, ауданы 100 ш.м. тұрғын үй салынды. Сондай-ақ кейін сол жаңадан салынған үйлерді су басып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама