×

Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды...

Отбасына баспана беріліп, бүкіл несиелерін төлеп береді

 Халық үні 21.11.2022 | 00:35
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының әкімдігі бүгін өмірден өткен өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтып, Асқар Зәбикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты.

Елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева өз жазбасында Асқар Забикулиннің қазасы бәріміз үшін орны толмас қайғы екенін айтқан.

Ол Асқардың жанкешті әрекетінің арқасында бірнеше адамды құтқарып қалғанын атап өткен.

«Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Забикулиннің жұбайына үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Жаңа баспана Есіл ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтер Аскардың отбасына жекеменшікке, әрленген күйде әрі жиһазымен бірге беріледі. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр.

Ал құтқарушы Аян Кемпіровтің отбасына көмек ретінде ипотекасы жабылды. Оның сомасы 24 миллион теңгені құрайды. Сол сияқты Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына тиесілі 6 миллион теңгенің несиесі өтелді», - деп мәлімдеді Ақмарал Олжабаева.

Еске сала кетсек, Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде үш адамды құтқарған Асқар Забикулин қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қанша тырысқанымен, батырдың демі ауруханада үзілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама