×

Сайлау – 2022: еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіде басталды

 Халық үні 20.11.2022 | 19:58
фото: Halyq Uni

Қазақстанның басым бөлігінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру аяқталды. Ол жерлерде дауыстарды санау басталды. Ал елдің батыс өңірлерінде бір сағаттан кейін дауыс беру тоқтатылады.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіде ашылды. Шетелде де сайлау учаскелері дәл солай жұмыс істеді.

Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде 68 сайлау учаскесі ашылды.

Жалпы 11 950 485 қазақстандық сайлауда дауыс бере алады.

Кейінгі ақпарат бойынша Астана уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 668 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 67,85%-ы.

Ал шетелде ашылған 68 сайлау учаскесінің оны жұмысын аяқтады.

«Бүгін кешкі сағат 19.00-дегі мәлімет бойынша шетелде 10 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады: Корея Республикасы, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Тайланд және Индонезия. Шетелде жалпы шамамен 7400 Қазақстан азаматы дауыс берді», - деп хабарлады ОСК.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама