×

Қазақстан құрамасы қатарынан үш рет жеңілді

Еліміздің бас командасы БАӘ-ден ұтылып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 20.11.2022 | 12:34
фото: kff.kz

Әбу-Даби қаласында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен кездесті.

Кездесуде алаң иелері отандастарымызды 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Матчтың 13-минутында Фабио Лима гол салып, алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда Абат Айымбетов таразы басын теңестірді. 62-минутта Айымбетов Тимур Досмағамбетовтың пасын пайдаланып, допты торға тоғытты.

71-минутта Лима дубльдің авторы атанды. Одан кейін Қазақстан құрамасы алаңда Біріккен Араб  ойнышымен қалды. Матчтың 79-минутында  Александр Марочкин ереже бұзып, алаңнан қуылды.

Осылайша ұлттық құрама қататынан үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Бұған дейін еліміздің бас командасы Ұлттар лигасы аясында Әзербайжан құрамасына (0:3) және жолдастық кездесуде Өзбекстан командасына (0:2) есе жіберген еді.

БАӘ – Қазақстан  – 2:1 (1:0)

Голдар: Лима 13, 71 – Айымбетов 62.

Ескерту: Әліп 50, Досмағамбетов 67, Тағыберген 75.

Алаңнан қуылған: Марочкин 80.

БАӘ: Халид Эйза, Шахин Аль-Маазми (Халид Аль-Хашми 46), Халифа Аль-Хаммади (Абдусалам Мохаммед 90+2), Ахмад Джамиль, Халед Ибрагим, Маджед Хассан, Маджид Рашид, Абдалла Рамадан (Тахнун аль-Зааби 72), Хариб Абдалла (Аль Хассан 46), Кайо Канедо (Яхья аль Гассани 83), Фабио де Лима.

Қазақстан: Шацкий, Әліп, Марочкин, Малый (Ерланов 76), Досмағамбетов (Шомко 76), Қайыров (Габышев 63), Зайнутдинов, Тағыберген (Исламхан 76), Қуат, Э.Астанов (Самородов 72), Айымбетов (Жақсылықов 72).

Төрешілер: Махмуд Аль-Банна, Ахмед Эль-Дин, Сами Абу-Зейд, Ибрахим Эль-Дин (барлығы – Египет).

19.11.2022. Абу-Даби, «Аль-Нахаян» стадионы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама