×

Алматыда 9 жасар қызды әкесі пышақтап өлтірген

Әкесі 9 жастағы қызын өлтіріп, 2007 жылғы өгей ұлын жарақаттаған

 Халық үні 19.11.2022 | 19:27
Фото: 24.kz

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, Алматыдағы пәтерлердің бірінде қантөгіс болған. ­Әкесі төртінші сыныптағы қызын пышақтап өлтірді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Экспресс К. 

«Оқиға Алматының Орбита-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Анық-қанығын білмеймін, бірақ көрші болған соң полицияның келгенін көрдік. Көршілер қыз бала көз жұмды деп жатыр»,- дейді алматылық тұрғын.

Ал қаза тапқан қыздың сынып жетекшісі қанды оқиға 18 қараша күні болғанын хабарлады.

«Ұстаздар мен мектептегі балалардың ата-аналары қыздың отбасына өз еріктерімен ақшалай көмек жинап жатыр»,- деп хабарлады оқушының ұстазы.

Қалалық полиция департаменті қылмысты растады. Әкесі 9 жасар қызын өлтіріп, 2007 жылғы өгей ұлын жарақаттағанын жеткізді.

«Бостандық ауданы полиция басқармасы ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. 9 жасар қызды өлтірді деген күдікпен оның 1979 жылғы әкесі ұсталды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама