×

Қазақстандық ғалым әмбебап ауылшаруашылық техникасын ойлап тапты

Оның көмегімен өнімділік 10-15%-ға көбейеді

 Динара Амантай 19.11.2022 | 15:50
Фото: facebook.com/gylym.jogarybilim

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев ғалымдармен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын әмбебап техниканы әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғарғы білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, бірнеше данасын сынақтан да өткізіп үлгерген.

Қазақстандық ғалым өнертабысының көмегімен шаруалар бірнеше жұмысты бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, ол отын шығынын 3 есеге төмендетеді, газдардың атмосфераға шығуын 2-3 есе азайтады, ал өнімділік 10-15%-ға көбейеді. Инновациялық құрылғының Қазақстан және ТМД мемлекеттерінде аналогы жоқ.

Мен еңбек жолымды ауылда бастадым және шаруалардың жұмысы қаншалықты ауыр екенін білемін. Шетелде тағылымдамадан өтуім, ауылшаруашылық өндірісіндегі көпжылдық еңбегім ғалым ретінде қалыптасуыма ықпал етті. Таяуда бұл әзірлемем жаппай өндіріске шығады деп сенемін, - деді ғалым.

Айта кетсек, Нұрлыбай Манабаев «Болашақ» бағдарламасымен К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында ғылыми тағылымдамадан өткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама