×

«Қосанов ешкімді алдаған жоқ, керісінше халықты оятты» - саясаттанушы (ВИДЕО)

Десе де сол кездегі сайлауда Тоқаевқа Қосанов шын қарсылас бола алған

 Халық үні 19.11.2022 | 07:53
фото: ашық дереккөзден

«Сұрауы бар» ютуб арнасына сұхбат берген танымал саясаттанушы Дос Көшім осылай дейді. 2019 жылғы сайлауда «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымынан додаға  түскен кандидат Қосанов Тоқаевтың басты қарсыласы болған еді. 

«Сол кезде әңгіме көп айтылды. Біреулер «алдап кетті» дейді. Біріншіден Президенттікке түскен адам «алдап кетті» деп бір жағдайда ғана айтады. Егер ол Президент болса және сайлау алды бағдарламасы істемеген жағдайда. Ал ол (Ә.Қосановты меңзейді ред.) Президент болған жоқ. Қалай алдап кетеді, түсініксіз. Бір қызмет алады екен, министр болады деген де сөздер есті. Бірақ ол әлі бірде бір комиссияға кірген жоқ», - дейді саясаттанушы үлкен саясаттағы әріптесі жайында. 

Десе де сол кездегі сайлауда Тоқаевқа Қосанов шын қарсылас бола алған. Ал 2022 жылғы додада ондай бәсекелестікті тудыратын бірде бір кандидат жоқ.  

«Ол сайлау процесінде үміткер ретінде өзінің қызметін жақсы атқарып шықты. Иә, ақшасы жоқ. Көп болса, 4 облысқа ғана барған шығар. Командасы, штабы да жоқ. Жеке батыр ғой. Партиясы да болмаған. Бірақ сол уақытта ол бәсекелес болды. Оны бәріміз мойындаймыз. Менің ойымша, кем дегенде 50 пайыздай дауыс алды. Бірақ біздің Үкімет әрдайым 3/1 бөлігін береді. 16 пайыз деді. Ол да бұрын соңды авторитарлық мемлекетте болмаған жағдай. Жармахан Тұяқьбаевтың өзі қанша ақша салып, 3 партиямен шықса да 5 пайыздан артық алмады ғой 2015 жылы, білеміз. Сондықтан ол біріншіден халықты оятты», - дейді сөзін жалғап. 

Бірақ халық Қосановты сайлаудың қорытындысы шықпай жатып, Тоқаевтың жеңісін мойындады деп ренжігені белгілі. Дос Көшім де досынан мұндай қателік кететінін күтпегенін айтады. 

«Иә, ондай айыпты оған мен бірінші болып тақтым. Себебі сағат бір жарымда ол келді. Біз күтіп отырдық. Сол уақытта ол: «Мен жеңілгенімді мойындадым» депті. Сосын мен айттым: «Сен үлкен қателік жібердің» деп. Себебі экзит-пулдан кейін жеңілгенді мойындауға болмады. Бір күннен кейін алдын ала нәтижесі шығады ғой, сол уақытта мойындауыңа болатын еді» дедім. Бірақ ол қателік ешнәрсеге әсер етпейді ғой», - дейді саясаттанушы 2019 жылғы Президенттік сайлауды еске алып. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% дауыспен жеңіске жеткен. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама