×

Қызылордада он күн бұрын жоғалған 2 жасөспірім қыз табылды

Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түсті

 Халық үні 19.11.2022 | 06:32
фото: inform.kz

Қызылордада бірнеше күн бұрын жоғалған 14 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз Шымкенттен табылды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан екі жасөспірім қыз 8 қараша сағат 09:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Бұл жөнінде қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түсті.

«Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше күн іздестіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде жасөспірімдер Шымкент қаласынан аман-есен табылды. Қазіргі таңда жасөспірімдер қалаға жеткізілді. Олармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама