×

СҚО-да елуден аса қылмысқа қатысы бар ер адамға сот үкімі шықты

Облыста жыл басынан бері 250-ден астам интернеттегі алаяқтық фактісі тіркелген

 Самат Жақып 18.11.2022 | 16:13
Фото: Inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың наурызында интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оның кінәсі дәлелденіп, ер адам 18 қарашада 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үш петропавлдық полицияға жиһаз дайындау туралы интернет хабарламаға байланысты шағымданған. Содан кейін жалған хабарландыру берген ер адам ұсталды. Тергеу барысында ер адамның 51 әрекетке қатысы бар екені анықталды.

Ер адамның бірнеше өңірдің тұрғындарын алдағаны белгілі болған. Қазақстандықтар оның шотына 4 миллион теңгеге жуық сома аударған.

Іс қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («алаяқтық») бойынша тіркелді. Сот бұл бап бойынша сотталушыны кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бос бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ сотталушының бұған дейінгі мүлікке қатысты қылмысы үшін жазаның өтелмеген бөлігін ескеріп, 6 жыл 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Жыл басынан бері облыста 649 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Соның ішінде 250-ден астамы интернет арқылы тауар мен қызметі сатуға байланысты», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.

Сондай-ақ полиция сатушыға толық сенімді болмай, алдын ала төлем жасамауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама