×

Ресейдің кешегі шабуылынан кейін Украинада 10 млн адам жарықсыз қалды

Ресей қарулы күштері энергетикалық инфрақұрылымға қазанның 10-нан бері үздіксіз соққы беріп келеді

 Еркеғали Болатұлы 18.11.2022 | 14:50
фото: japantoday.com

Украинада Ресейдің кешегі жойқын шабуылынан кейін 10 миллион адам жарықсыз қалды. Бұл – электр қуатын тұтынатын халықтың 40 пайызы.

Энергетикалық жүйеге келген зақымнан жарық қазір кез келген уақытта өшіріліп жатыр. Ал РФ Қорғаныс министрлігі кешегі шабуылда Украинаның зымыран отыны мен радарлардың электронды қомпоненттерін жасайтын цехтарына соққы бергенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ресей қарулы күштері Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына қазанның 10-нан бері үздіксіз соққы беріп келеді. Оған Қырым көпіріндегі жарылыс түрткі болған. Мәскеу сол шабуыл үшін әлі украин билігін айыптап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама