×

Атырауда адам өліміне әкеп соққан ірі көлік апаты болды (ВИДЕО)

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 18.11.2022 | 14:32
Скрин видео, видео: Мой город

Атырауда 4 көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 9.00-де болған.

Toyota Camry жүргізушісі Баймұханов көшесіндегі жолдың қарсы бетіне шығып, жол жиегіндегі электр бағанына соғылды. Кейін автокөлік салынып жатқан ғимараттың қоршауын бұзып, Hyundai Elantra, ВАЗ-2111 көліктерін соғып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соққыдан Hyundai Elantra Volkswagen Passat автокөлігіне соғылды. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша тиісті құжаттар жиналып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама