×

«Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды»: оқиғаның мән-жайы анықталды

Ер адамның тұншықтыру салдарынан көз жұмғаны анықталды

 Халық үні 18.11.2022 | 07:50
Фото: polisia.kz

Оралда қонақ үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қарашада сағат таңғы 08:10 шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінен ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек 28 жастағы әйел де болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

«Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Ер адамның тұншықтыру салдарынан көз жұмғаны анықталды. Полицейлер оқиға орнынан ыдыс сынығын тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама