×

Петропавлдағы тастанды сәби: әжесі жиенінен бас тартқан болып шықты

Қазіргі полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтап жатыр

 Самат Жақып 16.11.2022 | 20:09
фото: СҚО ПД

Петропавлда 39 жастағы әйел басқа қалаға жұмысқа кеткен қызының сәбиінен бас тартып, 3 айлық баланы полиция инспекторына ұстатып жіберген, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, 15 қараша күні Петропавл қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесіне қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен хабарласқан. Маман облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны 3 айлық жиенінің тағдырын шешуге көмек сұрап жүгінгенін айтқан.

Оның айтуынша, сәбидің 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмысқа кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан баланы үйден алып кетуді сұраған.

Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мекенжайға барып қажетті актіні толтырды, кейін қыз бала Петропавлдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтап жатыр. Оның ісі ата-ана міндетін тиісті орындамағаны бойынша комиссиялық жолмен қаралып, әкімшілік сипаттағы шара қолданылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20