×

Қорғаныс министрлігінің әскери каскалары металл ретінде өткізіліп жатыр – ведомствоның ресми жауабы

Видео Шымкент қаласында түсірілген

 Халық үні 16.11.2022 | 14:51
скриншот: видео

Әлеуметтік желіде әскери каскаларды металл қалдықтарына тапсырған видео тарады. Видео авторлары бұл жағдайдың Шымкент қаласында түсірілгенін айтады.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа жауап беріп, аталған әскери каскалардың министрлікке (Қорғаныс – ред.) тиесілі емес екендігін хабарлады.

«Аталған әскери каскалардың Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес екендігін хабарлаймыз. Осы орайда ведомство тексеріс жүргізді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері болған жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама