×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

700-ден аса науқас аурудан емделуде

 Дәурен Ерболат 16.11.2022 | 09:10
Фото: delfi.lt

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны өсуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамнан коронавирус, 10 адамнан COVID-19 белгілері бар пневмония табылды.

16 қарашадағы мәлімет бойынша, барлығы 747 науқас (584 науқас коронавирустан, 163 науқас пневмониядан) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 5 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 42 адамнан коронавирус анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама