×

Назарбаев Түркиядағы Rixos қонақ үйін Президент Іс басқармасына берді

Аталған қонақүй Қазақстанда «Алатау қонақ үйі» АҚ ретінде тіркелген

 Халық үні 16.11.2022 | 08:11
Фото: Abacapress/Tamer Hartateviouglou

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталья қаласында орналасқан Rixos Beldibi қонақ үйін Президент Іс басқармасына табыстады.

Forbes.kz басылымының жазуынша, Антальяда орналасқан Rixos Beldibi қонақ үйі Президент әкімшілігінің қарамағына өткен. Айта кетейік, бұл — Үкімет жанындағы Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылғалы бері мемлекет меншігіне өткен кезекті нысан.

Аталған қонақүй Қазақстанда «Алатау қонақ үйі» АҚ ретінде тіркелген. Әзірге бұл нысан мемлекет меншігіне сату-сатып алу немесе сыйға тарту келісімі арқылы берілді ме, ол жағы белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама