×

Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды: 2 адам тірідей жанып кетті

Mercedes ішінде 2 адам өртеніп кеткен

 Халық үні 16.11.2022 | 07:13
Фото: azattyq.org

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытта шығып, жылдамдығын үдеткен. Көлік Mercedes-пен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан неміс иномаркасы бірден өртеніп кеткен.  

«Toyota жүргізушісі алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды», –дейді куәгер.

Mercedes-тің ішінде 2 адам өртеніп кеткен.

«Апат салдарынан бір көлік өртеніп, екі адам қаза болды. Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік апатына кінәлі адам 10 жылға сотталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама