×

«Қазақстандағы заңсыздық қашан тыйылады»: Астанада шетелде оқитын студентті әскерилер сауда орталығынан ұстап әкеткен

Студенттің Сарыарқа ауданының әскери комиссариатында екенін ата-анасы сол күні түнгі сағат 12-де бірақ білген

 Халық үні 15.11.2022 | 22:55
Фото: washingtonmonthly.com

Финляндия университеттерінің бірінде оқитын студенттің ата-анасы 13 қарашада Астанадағы сауда орталықтарының бірінде әскерилердің ұлын ұстап алып кеткенін айтып, ZTB.kz ақпарат порталына хат жолдаған.

«Біздің ұлымыз Финляндияда 2019 жылдан бері оқиды. Қазір ол Астанада, себебі қайтадан оқуға кететін виза күтіп жүр. Осы уақыт ішінде ол онлайн режимде оқыды. Біз оның оқуы үшін қомақты қаражат төлейміз, ал енді ұлымыз қылмыс жасаған адам сияқты ұсталып отыр, тіпті бізге хабарласуға, оны көріп, заттарын беруге және оның құжаттарын қарауға мүмкіндік бермей отыр.

13 қарашаға қараған түні бізге ұлымыздың жағдайы туралы хабарлады. Біз бірден Затаевич көшесі бойындағы комиссариатқа келдік. Бізді Ерболат есімді азамат қарсы алды, ол ұлымыз ресми түрде оқып жатса, бәрі жақсы болатынын айтты. Сонымен қатар, мұны растайтын құжаттарды әкелуіміз керек деп сендірді. Келесі күні барлық құжаттарды алып келіп едік, бірақ сол Ерболат бізбен дөрекі түрде сөйлесе бастады, тіпті құжаттарға қараған да жоқ», - дейді жігіттің әкесі.

Ол комиссариатқа барлық құжатты ұсынғанын, бірақ ешкім мән беріп, қайта қарамағынын атап өтті.

«Ұлымның оқуын 2023 жылға дейін ресми түрде кейінге қалдырды. Ол Финляндияда тіркелген, сол жерде түрде оқиды. Бірнеше күнде визасын алып, ұлымыз Хельсинкиге ұшуы керек еді. Бірақ бізді ешкім тыңдамайды.Құжаттарымызды ешкім қарап жатқан жоқ. Елімізде заң жоқ па? Неліктен барлық жерде тәртіпсіздік пен заңсыз әрекеттер жүріп жатыр? Неге оқып жүрген адам оқудан шығарылып, әскери қызметін өтеуге жіберіледі? Шығынды кім өтейді? Неге балаларымызға мал сияқты қарайды?», - деп күйінді әкесі.

Әкесінің айтуынша Азамат отбасындағы жалғыз ұл. Енді ол Қорғаныс министрлігіне жүгінетінін айтты. Әрі балаларға қылмыскер сияқты қарауды тоқтатуын талап етуде.

«Неліктен шенеуніктердің балалары ешқашан мұндай жағдайға тап болмайды, ал қарапайым азаматтардың балаларын көшеде жүрген жерінен күштеп ұстап алып кетеді? Адам оқығысы келсе, онда сіз оны осы мүмкіндіктен айыруға қандай құқығыңыз бар?»,- дейді әкесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама