×

Рудный қаласы әкімінің орынбасары коммендантты балағаттап тастаған

Оған ең жоғарғы жаза белгіленді

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2022 | 15:29
фото: opennews.kz

Қостанай облысындағы Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовты әкімдік ғимаратының комендантын балағаттағаны үшін қызметінен босату ұсынылды, деп хабарлады Tobolinfo.kz.

Коменданттың айтуынша, сол күні күндіз ол жертөледен бірінші қабатқа көтеріліп келе жатқанда ғимарат фойесінде Рудный қаласы әкімінің орынбасарын кездестірген.

Ғимараттың артқы есігінің неліктен ысырмаға жабылғанын анықтауға тырысқан шенеунік күзетшінің көзінше комендант қызға айғайлап, балағат сөздер айта бастаған.

Сонымен қатар, сол күні шенеунік сантехниктің көзінше екі қолын бұлғап, «Мына оңбаған артқы есікті әдейі жауып тастады!» деп айғайлаған.

Осыдан кейін әкім орынбасарының психологиялық қысымына шыдай алмаған комендант жылап жіберіп, қосалқы бөлмедегі басқа кабинетке кетіп қалған.

Қызметкер әдеп жөніндегі кеңеске арыз жазған. Қызметтік тергеу барысында куәгерлердің барлығы айғайлау, әдепсіз сөздер айту фактілері расында болғанын, Әнуар Есқатов әкімдік ғимаратына кіріп-шығу кезінде негізгі есікті жиі пайдаланбайтынын айтыпты.

Ал оның өзі түсініктеме беру кезінде 4 куәгердің қатысуына қарамастан, балағат сөздер қолданбағанын алға тартты.

Әдеп жөніндегі кеңес оның сөзінен өкініш белгілерін көрген жоқ, сондықтан оған ең жоғарғы жаза белгіленді, - деп мәлімдеді әдеп кеңесінің мүшелері.

Еске сала кетсек, Есқатов әкімнің орынбасары қызметін 2017 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама