×

Жарық өшіп, шатыр құлады: Таразда дауыл соғып жатыр (ВИДЕО)

Желден қаладағы Тұңғыш президент саябағында мемлекеттік ту жыртылды

 Ұлдана Жұбай 15.11.2022 | 14:22
Halyq Uni

Тараз қаласында дауыл болып жатыр. Синоптиктер 14-15 қарашада желдің жылдамдығы 15-20 м/с жететінін, арасында желдің екпіні 23-28 м/с жететінін хабарлады.

Қазірге дейін желдің салдарынан Төле би даңғылы №116 үйінің тұрғындары ауданы 50 шаршы метр шатыр мен гофрленген тақтайшаның ұшып кеткенін хабарлады.

Қазір қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі қала аумағындағы фактілер бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Білім беру және денсаулық сақтау нысандарында шатырдың зақымдануы тіркелген жоқ.

Қазір «Шаңырақ» ауданындағы электр тарату пунктінен №920 трансформатор торабына өтетін электр желісі желдің салдарынан істен шығып, 28 үйде электр қуаты апатты түрде ажыратылды.

№15 шағын ауданда (19 учаске) 4 көпқабатты үйдің электр қуаты апатты түрде сөндірілді.

Мердігерлік мекеме үйлерді уақытша электр желісімен қамтамасыз етті. Сонымен қатар жеке үйлердің тұрғындарынан электр қуатын өшкені туралы 16 өтініш түсті. Осы мекенжайлар бойынша электр қуатын қалпына келтіру үшін БГЭС-тің 6 апаттық бригадасы жұмыс істейді.

Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қала бойынша 3 бригада жұмыс істейді.

Қазір Жамбыл даңғылы – Бейбітшілік көшесі, Төле би даңғылы – Махамбет батыр көшесі, Абай даңғылы – Әйтеке би көшесі, Абай даңғылы – Қазыбек би көшесі, Төле би даңғылы – Аққозиев көшесі, Төле би даңғылы – Ұлбике ақын көшесі, Төле би даңғылы – Әл-Фараби көшесі қиылысында бағдаршамның жұмысы қалпына келтірілді.

Ниетқалиев – Жалайыр көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол апатын болдырмау және кептелістің алдын алу мақсатында патрульдік полиция тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.

25 билборд (28 баннер), 3 пилон, 1 қоршау, 6х12 өлшемді Тұңғыш президент саябағында мемлекеттік ту жыртылды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама