×

Министр: мандарин – базалық тұтыну тауары емес

Жаңа жыл қарсаңында мандарин бағасының қымбаттауы базалық тұтыну тауарларына әсер етпейді

 Дәурен Ерболат 15.11.2022 | 12:38
Фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Жаңа жыл алдындағы қымбатшылық ықтималдығы қатысты пікір білдіріп, мандарин бағасына жауап бермейтінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мұндай болжамды айта алмаймын. Бұған Ұлттық банк жауап береді. Бірақ инфляцияны тұрақтандыруға тырысамыз. Үкімет пен министрліктің басты міндеті – инфляция тежеу. Ал өсетін бағалар бір қарқынмен өсуі керек, – деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан соң.

Журналистер министрге бүгінде тауарлар қымбаттап жатқанын айтып, бұл бағаның одан әрі өсуіне түрткі болмай ма деп сұрақ қойды.

«Мандарин деп отырғаныңыз базалық тұтыну тауары болып есептелмейді. Біріншіден, оның инфляция құрамына кіре ме, білмеймін. Ол құрамда 550-ден аса азық-түлік өнімі бар. Адамдар аз мөлшерде сатып алатын мыңдаған өнім түрі бар, түсінесіз бе? Олардың бағасынан базалық тұтыну тауарларының бағасына әсері болмайды. Сондықтан, мандарин бағасына сілтеудің қажеті жоқ. Ең бастысы базалық өнімдердің бағасының тұрақты болуын қамтамасыз ету керек. Оның ішінде әлеуметтік маңызға ие өнімдер де бар», – деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама