×

Екібастұз әкімдігі қардың үстіне асфальт төсеген (ВИДЕО)

Жол жөндеушілердің ыстық асфальтты буын бұрқыратып төсеп жатқаны анық көрінеді

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2022 | 09:45
фото: видеодан скриншот

Екібастұз тұрғындары Энергетиктер көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында қардың үстіне асфальт төсеп жатқандарды видеоға түсіріп алған.

Бейнежазбадан жол жөндеушілердің ыстық асфальтты буын бұрқыратып төсеп жатқаны анық көрінеді. Қала әкімдігі бұл деректі растады. Айтуларынша, биыл Екібастұздағы 24 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл соның соңғысы екен.

«Энергетиктер көшесі, 60 мекенжайы бойынша жұмыс жүргізу кезеңінде жауын-шашын болды. Содан кейін «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялар бұзылған жоқ. Қазір барлық тиісті жұмыстар аяқталды», - деп мәлімдеді Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама