×

Түркиядағы терaктіге қатысты тың деректер шықты

Арнайы операция кезінде Алхам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталған

 Халық үні 15.11.2022 | 06:19
фото: anadolu agency

Түркиядағы жарылысқа қатысы бар сириялық Алхам Альбашир өзінің сириялық бірнеше террорлық ұйымдар тарапынан дайындықтан өтіп, Түркияға арнайы тапсырмамен келгенін мойындады. Бұл туралы Cumhuriyet сайты хабарлады. 

«Түркияға заңсыз жолмен Африн-Идлиб қалалары арқылы келдім. Сирия демократиялық партиясы, Бірлескен демократиялық партиясы және Күрдстан жұмысшылар партиясы тарапынан арнайы дайындықтан өттім. Теракті жасау үшін олардан арнайы тапсырма алдым», - деп айтқан Алхам Альбашир. 

Түркияда қарулы күштер тарапынан ұйымдастырылған арнайы операция кезінде Алхам Альбаширден бөлек 46 күдікті азамат ұсталған. 

Еске салсақ, кеше Стамбулдың туристер көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тапқан. 81 адам жараланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама