×

Путин Кадыровтың әйеліне «Батыр ана» атағын берді

Осындай құрметті атақ Кеңес заманында берілген

 Халық үні 14.11.2022 | 21:34
коллаж: Halyq Uni

Ресейде «Батыр ана» атағы отбасы институтын нығайтуға және балаларды тәрбиелеуге қосқан зор еңбегі үшін беріледі. РФ президенті Владимир Путин бұл атақты Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыровтың жұбайы Медниге де тағайындады, деп хабарлады zakon.kz.

Кадыровтың ресми өмірбаянында 10 баласы бар деп көрсетілген: төрт ұлы мен алты қызы.

Осындай құрметті атақ Кеңес заманында берілген. 2022 жылдың 15 тамызында Путин оны қайта жандандыру туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, «Батыр ана» атағы 10 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ресейліктерге беріледі.

Бұл атақ иегерлеріне 1 миллион рубль мөлшерінде біржолғы төлем, грамота және тиісті орден табысталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама