×

Президент сайлауы: Украинадағы қазақстандықтар дауыс бере ала ма

Олар тізімді алдын ала беруі керек

 Дәурен Ерболат 14.11.2022 | 16:30
Фото: Қазақстанның Украинадағы елшілігі

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарының кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру үшін Молдова мен Польшаға баруы керектігін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Украинадағы жағдайға байланысты біз онда сайлау учаскесін ашқан жоқпыз. Сондықтан олар қаласа, көрші елге – Молдова немесе Польшаға барып, дауыс бере алады. Алайда олар алдын ала ескертуі керек. Ондағы елшіліктер бюллетеньдерді дайындайды. Біздің туристер көп баратын елдер бар. Олар бюллетеньдер жеткілікті деп ойлайды. Бірақ олар жетпей жатады. Өткен жолғы сайлауда сондай болған. Консулдық есепте шартты түрде 200 немесе 300 адам тұрады. Ал дауыс бергенде 2-3 есе көп болады. Себебі олар келетіндерін айтпаған, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан аса қазақстандық дауыс бере алады.

Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама