×

Түркиядағы жарылыс: СІМ түсінік берді

Бұл дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 14.11.2022 | 15:24
Фото: Halyq Uni

Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Ыстанбұлдағы суық хабарды естіп, Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы дереу жергілікті билікпен байланысқа шықты. Әрине, ақпаратты анықтау біраз уақытты алды.

Жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Түнімен біздің бас консулдық дипломанттары барлық ауруханаға қоңырау шалды. Қуанышқа орай, біздің азаматтар тізімде (қаза тапқандар мен зардап шеккендердің, – автор) жоқ. Алайда әлі тергеу жүріп жатыр. Жергілікті губернатор мен біздің бас консулдық тікелей байланысты. Қандай да бір ақпарат болса, бірден сіздерге жария етеміз, - деді Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Айта кетсек, кеше Ыстанбұлда жарылыс болып, 4 адам қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама