×

Бір тәулікте 29 адамнан коронавирус анықталды

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 14.11.2022 | 09:22
Фото: Pascal Guyot

Қазақстанда бір тәулікте 29 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 14 қарашадағы мәлімет бойынша 828 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 79 пациент стационарда, 749 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 13 қарашада 39 адамнан коронавирус анықталды. Оның алдында тәуліктегі орташа көрсеткіш бойынша 50 адамнан инфекция анықталған.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы 570 мың дозы вакцина бар. Жыл соңына дейін Венгриядан гуманитарлық көмек ретінде 210 мыңнан астам Pfizer вакцинасы келеді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавирус бойынша жағдай тұрақты. Республика бойынша соңғы екі аптадағы көрсеткіш 9 пайызға төмендегені байқалады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы Мейірім Сұлтанованың айтуынша, күн сайын жаңа 50 науқастан тіркеліп отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама