×

«Артында үш баласы қалды»: Қостанай облысында жүкті әйел ауруханада көз жұмды

Дәрігерлер емдеу орнында ажал құшқан келіншек өз бетінше емделем деп ауруын асқындырып алған дейді.

 Халық үні 11.11.2022 | 22:45
Фото: inform.kz

Қостанайда аяғы ауыр әйел ауруханада көз жұмды. Марқұмның артында үш баласы қалды. Жыл басынан бері Қостанай облысында осымен екінші жүкті әйелдің өлімі тіркелді, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Дәрігерлер емдеу орнында ажал құшқан келіншек өз бетінше емделем деп ауруын асқындырып алған дейді. 31 жастағы Роза Муслиманованың үнемі бақылауда болғанын айтады.

Қазан айының басында қатты сырқаттанған науқас жедел жәрдеммен жеткізілген. Бірақ ол бірнеше рет қолхат жазып, үйіне шығып кетті дейді. Үшінші рет келгенде денсаулығы күрт нашарлаған.

Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін барлық шараны жасағандарын айтады. Қазіргі уақытта тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама