×

Бүгін Қазақстан президенттігіне үміткерлер теледебатқа шығады

Ол сағат 20.00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

 Дастан Жұмабекұлы 11.11.2022 | 11:45
фото: ашық дереккөз

Бүгін сағат 20.00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді.

Регламентке сәйкес, теледебатта төрт раунд болады.

Бірінші раундта президентттікке кандадаттар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады. Бұл раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы» деп аталады.

Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» болады. Осы раундта әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақ қояды.

Бұдан басқа «Сайлаушылардың сұрақтары» деген раунд өтеді. Онда президенттікке үміткерлер сайлаушылардың сұрақтарына жауап береді.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 10 қарашаға дейін «Хабар» агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама