×

Бір тәулікте коронавирус инфекциясы 50 адамнан анықталды

Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 11.11.2022 | 09:02
Фото: sputnik.kz

Қазақстанда бір тәулікте 50 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, 10 қарашада 50 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, инфекция анықталмаған тағы бес адам медициналық көмекке жүгінген.

2022 жылдың 11 қарашасындағы ақпарат бойынша, 759 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 72 науқас станционарла, 687 адам амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 6 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалаған.

Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Кейінге тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар тіркелмеді.

Айта кетейік, Қазақстанда короновирусқа қарсы 570 мың дозы вакцина бар. Жыл соңына дейін Венгриядан гуманитарлық көмек ретінде 210 мыңнан астам Pfizer вакцинасы келеді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде короновирустық бойынша жағдай тұрақты. Республика бойынша соңғы екі аптадағы көрсеткіш 9 пайызға төмендегенін байқалады. ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы Мейірім Сұлтанованың айтуынша, бүгінгде күн сайын КВИ-мен жаңа 50 жағдайдан тіркеліп отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама