×

Келесі жылдан бастап жоғары сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын

 Динара Амантай 10.11.2022 | 16:23
Коллаж: Halyq Uni

«Қазақ тілі» пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары да тапсырады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізілмек. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады.

Бұған дейін бұл ұсыныс қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және Оқу-ағарту министрінің қатысуымен өткен мұғалімдер қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылған болатын.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады.

Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама