×

ШҚО-дағы кей жолдарда жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды

10 қарашадан бастап енгізілген шектеу қыс бойы сақталады 

 Халық үні 10.11.2022 | 13:38
Фото: www.inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында тау арасындағы бұралаңы көп бағыттағы жолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, бұл өңірдегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатыр.

«Өскемен-Алтай-Қатонқарағай-Рахман қайнары» күре жолының 46-66 шақырымы арасындағы учаскеде (Северный ауылына бұрылыстан бастап  Серебрянск қаласына дейінгі учаске) тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген ақпаратта.

Бұл шектеу 10 қарашадан бастап қолданысқа енеді. Қозғалысқа енгізілген шектеу қыс бойы сақталады.

Бұл учаскедегі ахуал «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан өңіріндегі филиалының тікелей қадағалауында болады. Мамандар қыс бойы бұл учаскеде құм-тұз қоспасын сеуіп, қысқы-күтіп ұстау жұмыстарын атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама