×

Шахтадағы апат: Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауға» қандай талап қойылғанын айтты

Кен өндіретін компанияларға талап күшейеді

 Дәурен Ерболат 10.11.2022 | 11:13
Фото: azattyq-ruhy.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі шахталарда апат болмау үшін компанияға қандай талап қойылғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Қарағанды облысындағы шахталардағы апатқа тоқталайын. Жақында көмір өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартын қайта қарау барысында осы компанияға алғаш рет қосымша талаптарды енгіздік: жыл сайын көмір өндірісін жаңғыртуға кемінде 150 млрд теңге бөлу, көмір қабаттарын газсыздандыруға 37 млрд теңге инвестиция бөлу. Бұрын жер қойнауын пайдаланушыларда мұндай міндеттер болмаған. Басқа жер қойнауын пайдаланушыларға да осындай қосымша талаптар мен міндеттемелерді күшейтуді жоспарлап отырмыз», – деді премьер-министр Сенаттың жалпы отырысында.

Еске сала кетсек, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші көз жұмған еді.

Президент «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі шахтадағы апаттың жиілеуіне қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды.

Кейін қаза тапқан кеншілердің отбасына пәтер берілетіні хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20