Halyq Uni логотип
×

«Көп ақша жұмсамаған»: Қорғаныс министрі казиноға барған әскерилер туралы айтты

Руслан Жақсылықов тексеру қорытындысына сәйкес шешім қабылдайтынын айтты

 Дәурен Ерболат 10.11.2022 | 09:46
«Көп ақша жұмсамаған»: Қорғаныс министрі казиноға барған әскерилер туралы айтты
Руслан Жақсылықов, Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казиноға барған әскери қызметкерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Онда (казинода – автор) қызметкерлер емес, әскери күштердің әскери қызметшілері бар. Қазір олардың әрқайсысы бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Тергеу қорытындысына сүйеніп, мен олардың одан әрі қызметті жалғастыруына қатысты шешімді қабылдаймын. Алдымен тергеуді жүргізіп алайық», – деді министр Сенат кулуарында.

Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің шеніне тоқталды.

«Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олар орта құрамдағы әскери қызметшілер. Жоғары құрамның уақыты жоқ. Өйткені, біз үнемі далада жүріп жұмыс істейміз», – деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы олардың казинода қанша ақша жұмсағанына қатысты өз ойын айтты.

Әскери қызметшілер бойынша сома аз, – деді министр.

Алматы облысы прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің 507 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсағанын хабарлады. Прокуратура дерегіне сәйкес, 305 мемлекеттік қызметкер казиноға барған.

Содан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үш қызметкерінің казиноға барғанына қатысы жауап берді.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі казиноға барған қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігі ақпарат расталса, қызметкерлеріне қатысты тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.

Қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері ойын мекемелеріне барған жағдайлар бойынша қазір агенттіктің ішкі қауіпсіздік департаментінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Ал Ішкі істер министрлігі казиноға барған нақты 88 полиция қызметкерін анықтады.

Ақпаратта бірқатар полицейдің дерегі қайталанған. 88 полиция қызметкерінің 17-сі бұрын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынан босатылған, - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Заңнамасының талаптарына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама