×

Ресей генералдары Херсоннан кету үшін Путиннің бұйрығын күтіп отыр

Қаланың сәтті сағаты жақындап келеді

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 15:16
фото: ашық дереккөз

Ресей генералдары армияның Херсон қаласын тастап шығуы үшін Путиннің бұйрығын күтіп отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Тұрғындардың эвакуациясын жариялап қойған, бетонннан блиндаж соғып алған және құм салынған қаптардан қорғаныс жасап шыққан Ресей әскерилері Путиннен Херсонның тағдыры жайындағы шешімді күтіп отыр, – делінген хабарламада.

Соғыстың алғашқы аптасында-ақ Ресей оккупанттарының бақылауына өткен, Мәскеу қыркүйек айында жалған референдум арқылы аннексиялап алған қаланың украин әскерлеріне берілуі тек өзінің сәтті сағатын күтіп отырған сияқты.

Ресей армиясының Херсонды тастап шығуы жөніндегі соңғы шешімді тек Путин ғана шығара алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама