×

АҚШ Украинаға Ресей жеңілгенге дейін көмектесе беруге бекінді

Зеленский елдің шығысынан Ресейге бір сүйем де жер бермейтінін ескертіп отыр

 Еркеғали Болатұлы 09.11.2022 | 12:12
фото: Линда Томас-Гринфилдтің twitter-дегі парақшасынан

Бұл ұстанымды Киевке арнайы сапарында АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд растады.

Ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен жүздесіп, ондағы жағдайы төмен адамдарды қолдауға Вашингтонның 25 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ресей армиясы ракеталармен, дрондармен соққы беріп, Украинаның су және энергия жүйесінің айтарлықтай бөлігін істен шығарған болатын. Осыған байланысты америкалық дипломат алдағы қыста украиналықтардың жылусыз қалуына, аштыққа ұшырауына жол бермейтінін атап өтті. Зеленский болса, елдің шығысынан Ресейге бір сүйем де жер бермейтінін ескертіп отыр.

Бүгінде Николаев облысындағы ресейліктер басып алған Снигиревка қаласы үшін шайқас жүріп жатыр. Бейресми мәліметтерге қарағанда, Украина армиясы қаланың солтүстігіне басып кірген. Ал Снигиревка ресейліктер үшін Херсон облысын алу мақсатында аса маңызды қорғаныс шебі болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама