×

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың 2 жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі

Алматыдағы Республика сарайында композитордың 32 туындысы орындалмақ

 Еркеғали Болатұлы 09.11.2022 | 10:18
фото: ашық дереккөз

Шәмшінің бұрын естімеген әні халыққа жол тартады. Қазақ вальсі королінің осыдан жарты ғасыр бұрын жазған туындысы 2 жыл бұрын ғана табылыпты.

Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі композитордың жарыққа шықпаған жаңа әнінің тұсауын бүгін Алматыдағы Республика сарайында қойылатын Шәмші әндерінің кешінде кеспек. Туынды «Мені ойлап жүрмісің» деп аталады.

Дәстүрлі Шәмші әнінің кеші аға буын, орта буын, жас буын әншілердің қатысуымен өтеді. Шәмші Қалдаяқовтың ән кешінде орындалмаған, орындалса да аз орындалған әндерін және Шәмші әндерін айтпаған әншілерді шақыруға тырысамыз, - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Бұл ретте композитордың 32 туындысы орындалмақ. Сондай-ақ Қалдыбек Құрманәлі Шәмшіге арналған байқауды да қайта қолға алуды көздеп отыр.

Еске сала кетсек, биыл мемлекет басшысының жарлығымен Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама