×

Былтыр ЭКО-мен қанша сәби дүниеге келгені белгілі болды

Бұл салаға республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген

 Дәурен Ерболат 08.11.2022 | 17:56
Фото: guru.wildberries.ru

2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында шамамен 2,5 мың сәби дүниеге келді деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) жүргізуге 7 мың квота бөлінеді. Нәтижесінде былтыр 3 мың 249 әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 2 мың 97 отбасында көптен күткен 2 мың 461 бала дүниеге келді. Оның 1 288-і – қыз, 1 172-сі – ұл. Көпұрықты жүктіліктен 364 бала жарық дүние есігін ашты.

Еске сала кетсек, 2020 жылғы 1 қыркүйекте президент Жолдауда 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайтуды тапсырды. Оған республикалық бюджеттен 6 млрд-тан аса теңге бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама