×

Мәскеу қаласы мен облысынан келгендер жаппай тұтқынға түсіп жатыр

Командирлері алғашқы дүркін-дүркін соққы беріле бастаған кезде-ақ позицияны тастап, қашып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 08.11.2022 | 16:09
фото: objectiv.tv

Ресей қарулы күштері қатарына Мәскеу қаласы мен облысынан мобилизация жасалған сарбаздар жаппай өз еріктерімен Украина әскеріне беріле бастады. Бұл туралы objectiv.tv хабарлады.

Әскери тілші Андрей Цаплиенконың айтуынша, Ресей армиясы 92-бригадасының бір топ жауынгері кеше Луганск облысының Сватово бағытында түгел өз еріктерімен тұтқынға түскен.

Жиырма бір әскери қызметкердің бәрі – Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысынан келгендер, – деп жазды әскери тілші.

Украин сарбаздары олардың бәрінің ешбір қарсылықсыз, «өз бастамаларымен» қолға түскендерін хабарлады.

Бұл олардың арғы мен бергіні ойлай алатын түйсіктері бар екенін көрсетеді, –  делінген материалда.

Тұтқынға түскен жауынгерлер тағдырларына селсоқ қарайтын армия қатарында соғысқылары келмейтіндерін айтқан. Өйткені олар соңғы бірнеше күн бойы Сватово түбіндегі позицияда ас-тағамсыз, тіпті сусыз отырған. Командирлері алғашқы дүркін-дүркін соққы беріле бастаған кезде-ақ позицияны тастап, қашып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама