×

Алматыда екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алды

 Динара Амантай 08.11.2022 | 15:35
Фото: polisia.kz

Алматыда екі қоғамдық көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған жол апаты бейнеленген видео тарап, жолаушылар арасында зардап шеккендер бар екендігі хабарланған болатын. Кейін бұл деректі Алматы қалалық полиция департаменті растады.

98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама