×

Президент Бекет ата жерасты мешітіне барып, зиярат етті

Мемлекет басшысы тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылады.

 Динара Амантай 08.11.2022 | 09:24
Фото: bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл ретте ол тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылады.

Қасиетті жерге зиярат ету үшін арнайы келдім. Мұнда 2019 жылы президент лауазымына кіріскен кезде келген едім. Бүгін жұртшылықпен кездесіп, маңызды мәселелерді талқыладық. Маңғыстау облысының дамуына тың серпін беру керек екенін айттым. Үкіметке тиісті тапсырмалар бердім. Аманшылық болса, келешекте облыста бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бәрі менің бақылауымда болады, – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, өңір жұртшылығымен кездескені туралы хабарлаған болатынбыз. Сол сәтте ол өңірдегі түйе шаруашылығына субсидия бөліп, Адай жылқыларын көбейту керектігін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама