×

Оқушылар тұмауға байланысты онлайн оқуға көше ме: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрлігі онлайн форматта оқыту ұсынысын қолдамайды

 Халық үні 07.11.2022 | 20:33
Фото: inbusiness.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева тұмауға байланысты оқушыларды қашықтан оқу форматына ауыстыру ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бір сыныпта оқитын балалардың 30 пайыздан астамы ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) жұқтырса, онда оларды онлайн оқу форматына ауыстыруды ұсынған еді.

«Әлемде мектептер бірінші болып ашылып, соңғы болып жабылады. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. Біз балалардың толық әрі сапалы білім мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі онлайн форматта оқыту ұсынысын қолдамайды», - деп мәлім етті Мөлдір Әбдуалиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама