×

Қосшы қаласы газға қосылады

Ақмола облысының тағы 8 елді-мекеніне көгілдір отын тартылмақ

 Халық үні 06.11.2022 | 16:17
Сурет: inbusiness.kz

Ақмола облысының орталығына жақын орналасқан Қосшы қаласы мен тағы сегіз елді мекен 2025 жылға дейін көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған газбен қамтуға 160 мыңнан астам тұрғын қосылады, деп хабарлайды Хабар24

Астанадан Көкшетауға тартылған «Сарыарқа» газ құбырының екінші кезеңінің құрылысы аяқталғаннан кейін тағы 200-ге жуық елді мекен жергілікті билікке газ беруді жоспарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, бұған шамамен 170 миллиард теңге қажет.

Әкімдіктің хабарлауынша, облыстың елді мекендерін газбен қамтудың тағы бір жолы қарастырылуда.

«Солтүстік облыстарды газдандырудың тағы бір жолы бар. Бұл Ресей Федерациясынан тартылған газ құбырының құрылысы. Ол жерде баға саясаты қалай әсер етеді, ресейлік соңғы тұтынушыға газ қанша тұрады және бұл біздің тарифтерге қалай әсер етеді деген сұрақ бар», – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама